2021 жылдың IV-тоқсаны және 12-айы бойынша есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
1. Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары
Жалпы 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 12 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 318 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 363 907 940,8 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 37 653 034,6 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 36 838 341,1 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 440 637,0 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 374 056,5 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 36 837 946,5 мың теңге болса, оның ішінде 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 35 712 402,1 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 36 052 896,8 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100,9% орындалған. Өтеуге және қалпына келтіруге жататын сома қалдығы 785 049,7 мың теңге (мерзімі келмеген).
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 15 170,7 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 36 037 726,1 мың теңгені құраған.
2021 жылдың 12-айында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 343 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 254 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 89 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңде уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік кірістер басқармасына және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, Салық Кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 122 материал жолданып, 106 материал бойынша (1 материал бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған) 9 779,3 мың теңге айыппұл салынған, 4 материал бойынша жауапкершілікке тартылмаған, 12 материал өндірісте.
Есепті кезеңде сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 1 әкімшілік іс бойынша 40,8 мың теңге айыппұл салынды.
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 4 материал жолданған.
Жалпы жоғарыда аталған 12 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 148 тапсырма және ұсыным (129 тапсырма мен 19 ұсыным) жолданған, оның ішінде мерзімі келгені 115 (100 тапсырма, 15 ұсыным). Нақты орындалғаны 121 (106 тапсырма, 15 ұсыным), яғни 6 тапсырма мерзімінен бұрын немесе 105,2% орындалған.
2. 2021 жылдың IV-тоқсанында аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау
Жалпы 2021 жылдың IV-тоқсанында 6 аудиторлық іс-шара аяқталды.
Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 168 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 98 926 505,7 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 24 381 056,2 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 23 884 203,4 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 420 465,8 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 76 387,0 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 23 884 203,4 мың теңге болса, оның ішінде 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 23 860 393,3 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 23 860 420,2 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 10 566,1 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 23 849 854,1 мың теңгені құраған.
2021 жылдың IV-тоқсанында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 164 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 123 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 41 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
2021 жылдың IV-тоқсанында уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік кірістер басқармасына және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, Салық Кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 63 материал жолданып, 49 материал бойынша (1 материал бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған) 4 893,3 мың теңге айыппұл салынған, 2 материал бойынша жауапкершілікке тартылмаған, 12 материал өндірісте.
Есепті кезеңге сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал жолданбаған.
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 3 материал жолданған.
2021 жылдың IV-тоқсанында жүргізілген 6 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 76 тапсырма және ұсыным (61 тапсырма мен 15 ұсыным) жолданған, оның ішінде мерзімі келгені 46 (35 тапсырма, 11 ұсыным). Нақты орындалғаны 52 (41 тапсырма, 11 ұсыным), яғни 6 тапсырма мерзімінен бұрын немесе 113% орындалған.
Қол қою шешімі
28.01.2022 11:26:57 Оспанова К. С.. Қол қойылды