«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) Мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) Ғылыми дәрежесінің болуы;

6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
D-4

Блок-А

263 131 302 255

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы, 160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта k.mahan@ontustik.gov.kz

1. №1 Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, D-4 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесуді іске асыру, Аудит объектілерінде аудиторлық іс-шараларды жүргізу, аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтау, Тексеру комиссиясы қызметіне қатысты талдамалы материалдарды дайындауға қатысу, бөлімнің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша талдамалық материалдарды дайындау, жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды енгізу, Мемлекеттік аудит мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу. Аудит жүргізудің барлық кезеңдерінде аудиторларға консультативтік және әдістемелік көмек көрсету. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әзірлеу. Өз құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) құқық (құқықтану).

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы заңға сәйкес немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына сәйкес «Автономды ұйымда осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру».

Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

2. Сапаны бақылау бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша аудиторлық іс-шаралары бойынша жоспарлау сатысынан бастап, аудиторлық іс-шарасының қорытындылары бойынша шешім қабылдағанға дейінгі сапаны бақылау рәсімдерін жүзеге асыру, аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит сапасын қамтамасыз етуге және сыртқы мемлекеттік аудит саласындағы заңнаманың, сондай-ақ тексеру комиссиясы үшін әзірленген құқықтық актілердің және әдіснамалық құжаттардың белгіленген талаптарын сақтауға жәрдемдесу, аудиторлық іс-шараны бағалауды жүргізу, нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер әзірлеуге және сапаны бақылау мәселелері бойынша құжаттарды дайындау; тексеру комиссиясының регламентіне сәйкес бөлімге қатысты жұмыстарды атқару, бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары)

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы заңға сәйкес немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына сәйкес «Автономды ұйымда осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру».

 

Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің
5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі — 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты: turkistan-revkom.kz

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

__________________________________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________

_________________________________

_________________________________

Мекен жайы: _____________________________________________________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-maіl: ______________________

ЖСН: ______________________

_________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  «___»_______________ 20 __ ж.