Тапеев Ғалымжан Серікбайұлы
Ғалымжан Серікбайұлы Тәпеев
Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы
Жалпы ақпарат, білімі
1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Экономика ғылымдарының магистрі, мемлекеттік аудитор, кәсіби бухгалтер, халықаралық аудитор сертификаттары бар.
Мансап
Еңбек жолын Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті, «Экономика» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшы — мемлекеттік бақылаушысы, бас консультант — мемлекеттік аудиторы.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ішкі аудит басқармасының басшысы.
«Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.
«Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымдарында қызметтер атқарған.