Әдеп жөніндегі уәкіл – ол қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талаптарын бұзу фактілері бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Жанабай Абзал Мұқанұлына +7(72533)5-77-51 телефоны арқылы хабарласуға және қабылдауына (Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) келуге болады.