Серік Тәжібекұлы Әметов
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Жалпы ақпарат, білімі
1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Алматы халық шаруашылық институты.
2018 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Мансап
Еңбек жолын Созақ ауылдық тұтыну одағында жұмысшы болып бастаған.
ОҚО Төлеби ауданы бойынша салық инспекциясының аға инспекторы.
Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің аға инспекторы.
ОҚО бойынша салық комитетінің аға салық инспекторы.
Кентау қалалық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашы.
ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы.
ОҚО бойынша тексеру комиссиясының бас маман-бас инспекторы.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудиторы қызметтерін атқарған.
Арман Ратбекұлы Дәрібаев
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Жалпы ақпарат, білімі
1983 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген.
Мансап
Еңбек жолын Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушыдан бастаған.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушысы болып қызметтер атқарған.
Нұрлан Кенжеұлы Тағаев
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Жалпы ақпарат, білімі
1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданында дүниеге келген.
1992 жылы Қарағанды қаласындағы Қазақтың тұтыну кооперациясы институтын бітірген.
Мансап
Еңбек жолын Бірлік совхозының жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары ОҚО Мақтарал ауданында, ОҚО Шымкент қаласының Абай және Еңбекші аудандарының салық басқармаларында жетекші салық инспекторы, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, аудит басқармасының басшысы.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы лауазымдарында қызметтер атқарған.
Ұланбек Балтабайұлы Сейсенбаев
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Жалпы ақпарат, білімі
1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген.
1998 жылы М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Мансап
Еңбек жолын «Қазыбек» тәуелсіз аудитор орталығының жетекші маман-ревизоры болып бастап.
«Дербіс» ЖШС аудитор орталығының жетекші маманы.
Бәйдібек ауданы бойынша салық басқармасының, аудит бөлімінде бас маман.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы, ОҚО аумақтық инспекциясы, есеп және қаржыландыру бөлімінің бас маманы.
Түлкібас ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, ОҚО мәслихатының бас маманы.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, бас инспектор-мемлекеттік аудиторы, бөлім басшысы лауазымдарында қызметтер атқарған.