2019 жылдың I- тоқсаны есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2019 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 1 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 15 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 35 042 296,2 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы: қаржылық бұзушылықтар 5 999 649,0 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 9 220,9 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 5 999 649,0 мың теңге болса, оның ішінде 2019 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына қалпына…
