2019 жылдың II- тоқсаны және І-жартыжылдығы бойынша есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2019 жылдың 1 шілдедегі жағдайына 8 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 142 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 412 072 390,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 19 520 443,0 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 19 006 143,5 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 168 362,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 345 936,6 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 19 006 143,5 мың теңге болса, оның ішінде 2019 жылдың 1 шілдедегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 18 985 351,4 мың теңгені құраған.
2019 жылдың 1 шілдедегі жағдайына нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 19 002 756,7 мың теңгені құраған, оның ішінде 17 405,3 мың теңге мерзімінен бұрын орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 34 310,8 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 18 968 445,9 мың теңгені құраған.
2019 жылдың I-жартыжылдығында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 132 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 104 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 28 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңде уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік кірістер департаментіне және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, Салық Кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 59 материал жолданып, 33 материал бойынша 2 187,7 мың теңге айыппұл салынған, 5 материал бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған, 21 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған.
Жалпы жоғарыда аталған 8 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 30 тапсырма мен 32 ұсыным жолданған, оның ішінде мерзімі келген 28 (20 ұсыным, 8 тапсырма) ұсыным және тапсырма. Нақты орындалғаны 32 ұсыным және тапсырма (21 ұсыным, 11 тапсырма), оның ішінде 3 тапсырма және 1 ұсыным мерзімінен бұрын орындалған.