Тексеру комиссиялары қызметкерлері арасында ауқымды республикалық спартакиада Алматы қаласында өткізілді

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығы мен тексеру комиссияларының 15 жылдығына орай тексеру комиссиялары қызметкерлері арасында ауқымды республикалық спартакиада Алматы қаласында өткізілді.

Аталған республикалық спартакиадада Түркістан облысының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда:

🏆 Волейболдан – І орын

🥈 Шағын футболдан – ІІ орын

🥈 Шахматтан (ерлер арасында) – ІІ орын

🏆 Үстел теннисінен (ерлер арасында) – І орын

Түркістан облысының командасы ұйымшылдық пен жоғары спорттық дайындықтың үлгісін көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *