Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылғы І-тоқсандағы атқарылған жұмыстарының нәтижелері

Жалпы 2023 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 1 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 14 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы 0,0 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 22 456 779,8 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 22 456 779,8 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі тиіс қаржы көлемі  22 456 779,8   мың теңге болса, оның ішінде 2023 жылдың  1 сәуірдегі жағдайына қалпына қалпына келтірілуі тиіс қаржы көлемі 16 736,2 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілгені 16 736,2 мың теңге  немесе есепті кезеңге 100% орындалған.

Өтеуге және қалпына келтіруге жататын сома қалдығы 22 440 043,6 мың теңге (мерзімі келмеген).

Жалпы есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі  16 736,2 мың теңгені құраған.

2023 жылдың I-тоқсанында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 34 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 2 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 32 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Есепті кезеңде уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 50 материал жолданып, 31 материал бойынша 2 673,7 мың теңге айыппұл салынған, 14 материал бойынша жауапкершілікке тартылмаған. 5 материал өндірісте.

Есепті кезеңде Тексеру комиссиясымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама толтырылып, 25,9 мың теңге (қысқартылған түрде айыппұл төлеген) айыппұл салынған.

Есепті кезеңде сот органдарына әкімшілік іс жолданбаған.

Есепті кезеңде құқық қорғау органдарына материал жолданбаған.

Жалпы 1 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 52 тапсырма жолданған, мерзімі келмеген.