«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
D-3 (В-блок) 263131 302255

 

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы,  160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта  k.mahan@ontustik.gov.kz

  1. Әкімшілік-ақпараттық қауіпсіздік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-бас бухгалтері. D-3 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бас бухгалтердің  құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; тексеру комиссиясындағы қаржылық, бухгалтерлік құжаттардың өз уақытында және дұрыс  рәсімделуін және жасалынатын іс-әрекеттердің заңдылығын алдын-ала бақылау; тиісті қаржылық жылға арналған міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарында бекітілген сомалар шеңберінде міндеттемелердің  және жоспарлық кезеңнің екінші және үшінші жылына негізгі шығындардың қабылдануын қамтамасыз ету; қаржылардың белгіленген тәртіпке сәйкес енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржыларды дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етілуін, сондай-ақ қаржылық және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау; қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақының өз  уақытында аудару және беру; қаржыландыру жоспарын орындауда заңды және жеке тұлғалармен болатын есеп айырысуларды мерзімінде жасау; қаржылық, материалдық құндылықтардың, есептерді түгендеу, түгендеу қорытындыларын дер кезінде және дұрыс айқындап, оларды есепте көрсету.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған  қызметтік тізім.

Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне  (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) ұсынылуы тиіс.

Әңгімелесуге рұқсат берілген  кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін  бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттармен «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне  (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат)  әңгімелесу, хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты:  turkistan-revkom.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

 

_____________________________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені _____________________________________________________________ _______________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін__________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

1)

2)

3)

Мекен жайы: ___________________________.

 

Байланыс телефоны: __________________

 

e-maіl: _______________________

 

ЖСН: __________________________

 

_________                               ____________________________________________

(қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж