2023 жылдың II-тоқсаны және І-жартыжылдығы бойынша есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба
2023 жылдың II-тоқсаны және І-жартыжылдығы бойынша есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба
- Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының негізгі қорытындылары
1.1. Есепті кезеңге аудиторлық қызметтің түйінді көрсеткіштерін жалпы талдау
Жалпы 2023 жылдың 1 шілдедегі жағдайына 7 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 72 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 341 297 570,3 (оның ішінде активтер көлемі 18 842 158,7) мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 26 683 623,6 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 25 965 843,7 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 548 520,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 169 259,0 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 25 965 843,7 мың теңге болса, оның ішінде 2023 жылдың 1 шілдедегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 11 456 867,0 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 11 456 867,0 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 1 627,4 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 11 455 239 ,6 мың теңгені құраған. Өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы 14 508 976,7 мың теңгені құрайды (мерзімі келмеген).
2023 жылдың I-жартыжылдығында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 145 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 80 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 65 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңде уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монопияларды реттеу комитетіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және табиғи монополия заңнамаларының талаптарын бұзу фактілері бойынша 88 материал (Тексеру комиссиясымен 2 хаттама толтырылып, қысқартылған түрде айыппұл төлеген) жолданып, 73 материал бойынша 6951,7 мың теңге айыппұл салынған (оның ішінде 2023 жылдың 1 тоқсанында өндірісте болған 5 материал бойынша 2023 жылдың 2 тоқсанында 431,2 мың теңге айыппұл салынған), 15 материал бойынша жауапкершілікке тартылмаған.
Есепті кезеңде сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 2 әкімшілік іс бойынша 88,0 мың теңге айыппұл салынды.
2023 жылдың I-жартыжылдығында құқық қорғау органдарына 1 материал жолданған.
Жалпы жоғарыда аталған 7 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 69 тапсырма мен 2 ұсыным жолданған, оның ішінде мерзімі келген 40 тапсырма және 2 ұсыным. Нақты орындалғаны 48 ұсыным және тапсырма (2 ұсыным, 46 тапсырма), оның ішінде 6 тапсырма мерзімінен бұрын орындалған.
1.2. 2023 жылдың II-тоқсанында аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау
Жалпы 2023 жылдың II-тоқсанында 6 аудиторлық іс-шара аяқталды.
Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 58 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 341 297 570,3 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 4 226 843,8 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 3 509 063,9 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 548 520,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 169 259,0 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 3 509 063,9 мың теңге болса, оның ішінде 2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 3 374 769,3 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 3 374 769,3 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған. Өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы 134 294,6 мың теңгені құрайды (мерзімі келмеген).
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 1 627,4 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 3 373 141,9 мың теңгені құраған.
2023 жылдың II-тоқсанында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 92 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 59 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 33 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңде уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монопияларды реттеу комитетіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және табиғи монополия заңнамаларының талаптарын бұзу фактілері бойынша 37 материал (Тексеру комиссиясымен 1 хаттама толтырылып, қысқартылған түрде айыппұл төлеген) жолданып, 36 материал бойынша 3820,9 мың теңге айыппұл салынған, 1 материал бойынша жауапкершілікке тартылмаған.
Есепті кезеңде сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 2 әкімшілік іс бойынша 88,0 мың теңге айыппұл салынды.
Есепті кезеңде құқық қорғау органдарына 1 материал жолданған.
2023 жылдың II-тоқсанында жүргізілген 6 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 17 тапсырма мен 2 ұсыным жолданған, оның ішінде мерзімі келген 14 тапсырма және 2 ұсыным. Нақты орындалғаны 17 ұсыным және тапсырма (2 ұсыным, 15 тапсырма), оның ішінде 1 тапсырма мерзімінен бұрын орындалған.