Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, концессиялық жобалардың іске асырылу тиімділігін талдау және бағалау
2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы барысында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, концессиялық жобалардың іске асырылу тиімділігін талдау және бағалау» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясымен тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.