Бүгін Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы Колбаев Баймбет мырзаны зейнеткерлікке шығарып салу рәсіміне арналған жиын өтті

Бүгін Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы Колбаев Баймбет мырзаны зейнеткерлікке шығарып салу рәсіміне арналған жиын өтті. Тексеру комиссиясының төрағасы қуаныш иесін тексеру комиссиясының қызметінің дамуына қосқан зор үлестерін атап өтіп, қызмет деген белестен, құрметті демалыс деген кезеңге шығуымен құттықтап, ұжым атынан естелік сыйлықтар табыстады.

Құрметті Колбаев Баймбет Амзеевич еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай — сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы ата деген атты иеленіп жүре беріңіз!