2019 жылғы IV–тоқсандағы және 12 айдағы есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет

Жалпы  2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 20 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның аясында 435 аудит объектісі қамтылып, аудитпен қамтылған қаржы көлемі 926 238 281,2 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 48 840 042,4 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 39 313 666,5 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 9 078 223,7  мың теңгені, тиімсіз жоспарлау 448 152,2 мың теңгені  құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 39 313 666,5 мың теңге болса, оның ішінде              2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі  және өтелуі тиіс қаржы көлемі 34 913 964,3 мың теңгені құраған,  қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 34 913 964,3 мың теңгені құраған немесе  100% орындалған. Өтеуге және қалпына келтіруге жататын сома қалдығы 4 399 702,2 мың  теңге (мерзімі келмеген). 

 Жалпы ақшалай қаражат түрінде өтелгені  53 854,3 мың теңге болса, есепке алу (құжаттарды сәйкестікке келтіру жолымен) бойынша (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу жолымен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 34 860 110,0  мың теңгені құраған.

2019 жылдың 12 айында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 464 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 355 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 109лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2019 жылдың 12 айында сотқа және уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік кірістер департаментіне  және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, Салық Кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 255 материал жолданып, 213 материал бойынша 19 269,4 мың теңге айыппұл салынған, 5 материал бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған, 25 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 12 материал уәкілетті органдардың қарауында.

2019 жылы құқық қорғау органдарына 4 материал жолданған.

Жалпы жоғарыда аталған 20 аудиторлық іс-шараның  қорытындысымен  мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 211 ұсыным және тапсырма                        

 (115 тапсырма мен 96 ұсыным) жолданған, оның ішінде мерзімі келгені                       124 (60 ұсыным, 64 тапсырма). Нақты  орындалғаны 128 ұсыным және тапсырма  (61 ұсыным, 67 тапсырма), яғни 4 ұсыным және тапсырма мерзімінен бұрын немесе 103,2% орындалған.