Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шараларын күшейту» мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 28 тамыз күні төрағаның міндетін атқарушы Жиенбеков Алмаз Абубакировичтің төрағалық етуімен жиналыс өтті, аталған жиналыста қаржылық бақылау іс-шараларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шараларын күшейтуді ескертті. Мемлекеттік аудитороларға, жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын қолдану жөнінде Заң талаптарын қатаң сақтау туралы және қызметкерлердің өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық пен жауапкершілікті қалыптастыруды тапсырды.