Комиссия мүшесі С.Аметовтың жетекшілігімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы, оған байланысты мекемелер мен кәсіпорындарға бөлінген мемлекеттік қаражатының және мемлекеттік активтерінің пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі С.Аметовтың жетекшілігімен «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы», «Сайрам аудандық орталық ауруханасы», «Төлеби аудандық ауруханасы», «№1 Облыстық перинаталдық орталығы», «Созақ аудандық орталық ауруханасы» мекемелерінде аудит объектілері қызметкерлерінің құқықтары мен мідеттерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жиналыс өткізіліп тиісті хаттамалар түзілді.