«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – БІЗДІҢ ҰСТАНЫМ» АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Мемлекет басшысы елдегі құқықтық мәдениетті арттыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударып, «Заң және тәртіп» апталығын жариялаған болатын.
Осыған орай, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының ұжымы 27 маусым күнгі жұмысын «Заң мен тәртіп — біздің ұстаным!» адалдық сағатымен бастады.
Адалдық сағатының мақсаты — ұжымда құқықтық мәдениетті нығайту, әдеп пен заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын түсіндіру.
Бұл ретте, адалдық сағатқа Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Жанабай Абзал Мұханұлы төрағалық етіп, сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы-заң кеңесшісі Ошай Қайсар Өмірәліұлы баяндама жасады.
Баяндамада «Заң мен тәртіп – мемлекеттік қызметтің басты қағидасы», «Заң – мемлекеттік қызметтің тірегі», «Тәртіп – сапалы қызмет көрсетудің шарты», «Құқықтық және этикалық жауапкершілік», «Мемлекеттік қызметтің басты құндылығы – халықтың мүддесіне қызмет ету» тақырыптары бойынша аталып өтілді.
Жиынды қорытындылай келе, Абзал Мұханұлы «Мемлекет алдындағы, қоғам алдындағы, ұжым алдындағы жауапкершілік – бұл тек формальды міндет емес, бұл – әр қызметкердің азаматтық парызы. Заңды басшылыққа алған, тәртіпке бағынған, кәсіби этиканы сақтаған мемлекеттік қызметші ғана қоғамдағы реформалардың табысты жүзеге асуына үлес қоса алады. Сондықтан бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшінің басты қағидасы: «Заңға бағыну – елге қызмет етудің алғашқы қадамы болуы тиіс» — екендігін атап өтті.


