«2021 жылға арналған жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы 85 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды, оның ішінде: 14 негізгі 71 үстеме тексерулер жүргізілді.
Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 22 456 779,8 мың теңгені құрады.
Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 249 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.
Жалпы өтелуге және қалпына келтірілуге жататын қаржы көлемі 22 456 779,8 мың теңге, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 22 456 779,8 мың теңге.
Аудиторлық іс-шара барысында 16 736,2 мың теңге қалпына келтірілген.
Әкімшілік шара көруге хаттама толтыру үшін 45 материал уәкілетті органдарға қарау үшін жолданған.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «2021 жылға арналған жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітілді.