2025 ЖЫЛҒЫ 12 МАУСЫМЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түркістан облысының Полиция департаментіне бөлінген бюджет қаржыларының жұмсалуына және мемлекеттік активтерін пайдаланылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде сондай-ақ, кейбір нормативтік құжаттарды сәйкестендіруге бағытталған аудит объектісіне тапсырма мен ұсыным жолданды.