«Облыстың қаржы және мемлекеттік активтер басқармасында 2022 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына, облыстық бюджетке бөлінген бюджет қаражатының және мемлекеттік активтерінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасы барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Облыстың қаржы және мемлекеттік активтер басқармасында 2022 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына, облыстық бюджетке бөлінген бюджет қаражатының және мемлекеттік активтерінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу», аудиторлық іс-шарасы бойынша «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінде тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын және аудит объектілері қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен тиісті хаттамалар түзілді.