«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
Орташа | |
D-4 (В-блок) | 243700 |
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы, 160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта revkom_turkestan@mail.ru
1. Әкімшілік – ұйымдастыру бөлімінің бас маманы D-4 санаты, 1 бірлік:
Негізгі функционалдық міндеттері:
Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасауға;
Іс-жүргізуді, мұрағат ісін ұйымдастыруға, мұрағат жұмысын жүргізуге және бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеуге;
Тексеру комиссиясының регламентінде бөлімге қатысты жұмыстарды атқаруға, келіп түскен сұраныстарға сәйкес құжаттар мен мұрағаттық көшірмелердің берілуін жүзеге асыруға;
Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарын тіркеуді, тексеру комиссиясы отырыстарының хаттамасын жүргізуді, тіркеуді және олардың орындалуын бақылауға алуға;
Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарының, хаттамалық тапсырмаларының және Түркістан облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің және Түркістан прокуратурасының алқа мәжілісінде берілген хаттамалық ұсыныстарын, тапсырмаларын (шешімін) орындауға;
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмыс істеуін, оның беттерінің жаңартып отыруға, тексеру комиссиясы веб-сайтының бөлімге қатысты мәселелері бойынша оның беттерін жаңарту жөнінде ұсыныстар беруге;
Азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтарға, өтініштерге, шағымдарға, ұсыныстарға мерзімінде жауап берілуін қамтамасыз етуге;
Тексеру комиссиясының электрондық ақпараттық жүйесінің және басқа да ақпараттық-анықтамалық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
Бұқаралық ақпарат құралдарында тексеру комиссиясының қызметіне қатысты материалдар жарияланған жағдайда оларды есепке алып, басшылықтың қарауына енгізіп, тиісті жұмыстарды жүргізуге;
Мемлекеттік аудиторлар іссапардан келген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған Аудиторлық есептердің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке қосымшалардың түпнұсқаларын, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтарын олар Тексеру комиссиясына түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сканерлеп, Documentolog АЖ-де тіркеп және Тексеру комиссиясының жауапты мүшесіне, аудиторлық іс-шараға, мемлекеттік аудит және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге беруге;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Бизнес, басқару және құқық (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, әлемдік экономика, құқықтану), Ақпараттық-коммуникациялық технология (Ақпараттық жүйе, Есептеу техникасы және бағдарламаны қамтамасыз ету, Ақпарттық жүйенің қауіпсіздігі), Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (Психология, Қоғаммен байланыс, Архивтану, Құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету) мамандықтары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.
Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) ұсынылуы тиіс.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттармен «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) әңгімелесу, хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты: turkistan-revkom.kz