Мақтаарал аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі өтті
Мәжілісті аудандық мәслихаттың депутаты, Мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару, аграрлық сала, жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қалмырза Бейсенбаев жүргізіп отырды. Тұрақты комиссия отырысына Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі С.Аметов қатысты.
С.Аметов мырза «2023 жылғы Мақтаарал ауданы бюджетінің атқарылуы» жөніндегі есеп бойынша баяндама жасады. Нәтижесімен күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.