«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
D-4 (В-блок) | 226 837 | 260 564 |
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы, 160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта k.mahan@ontustik.gov.kz
1. Жоспралау, талдау және есептілік бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік:
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау; Тексеру комиссиясының есептерін, ақпараттары мен қорытындыларын даярлау; тиісті органдарға тоқсандық және жылдық ақпаратты дайындауға қатысу; жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті әзірлеуге қатысу; бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша талдамалық материалдарды дайындау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тиімділігін арттыру бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу үшін бақылау құжаттарын бағалауды және талдауды жүргізу, Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметінің нәтижелері бойынша тоқсандық, жылдық есептерін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Бизнес, басқару және құқық (Экономика, Қаржы, Менеджмент, Маркетинг, Есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, Жобаларды басқару, Әлемдік экономика) мамандықтары
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.
Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) ұсынылуы тиіс.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттармен «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) әңгімелесу, хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты: turkistan-revkom.kz
Құжатарды қабылдау: 25-27 маусым 2024 жыл
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
_____________________________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ____________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін__________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
1)
2)
3)
Мекен жайы: ___________________________.
Байланыс телефоны: __________________
e-maіl: _______________________
ЖСН: __________________________
_________ ____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж
Жүктеу: І-этапжоспарлауказ 2024