2018 жылдың I-жартыжылдықтағы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2018 жылдың I-жартыжылдығында 10 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 160 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 160 072 142,5 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 42 473 750,1 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 6 401 252,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 36 062 244,6 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 10 253,1 мың теңге) құраған. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 6 401 252,5 мың теңге…
