2020 жылғы IV-тоқсандағы және 12-айдағы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайына 18 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 328 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 1 680 677 502,8 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 264 655 556,4 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 16 006 238,7 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 4 596 327,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 244 052 989,8 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 16 006 238,7 мың теңге болса, оның ішінде 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 12 325 141,7 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 12 325 141,7 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 30 861,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 12 294 280,2 мың теңгені құраған.
2020 жылдың 12-айында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 250 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 186 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 64 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңде ҚР ӘҚБтК 722-1 бабының негізінде, Тексеру комиссиясымен 4 материал бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1 111,2 мың теңге айыппұл салынған.
Есепті кезеңде уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы және Аудиторлық қызмет туралы Заңнамасының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін» жалпы 82 материал жолданып, 75 материал бойынша 8 193,7 мың теңге айыппұл салынған, 3 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған. 4 материал өндірісте.
Есепті кезеңде сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 3 әкімшілік іс бойынша 112,5 мың теңге айыппұл салынды. 1 әкімшілік іс тоқтатылған.
2019 жыл соңында уәкілетті органға жолданып, уәкілетті органның
қарауында болған 12 материалдың 11 материалы бойынша 2020 жылы 770,1 мың теңге айыппұл салынған.
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 4 материал жолданған.
Жалпы жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 83 тапсырма мен 41 ұсыным жолданған. Есепті кезеңге мерзімі келген 52 тапсырма мен 41 ұсынымдар толығымен орындалған.