2020 жылғы III-тоқсандағы және 9-айдағы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2020 жылдың 1 қазандағы жағдайына 10 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 177 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 202 927 823,1 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 11 182 203,9 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 6 506 375,1 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 4 596 327,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 79 500,9 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 6 506 375,1 мың теңге болса, оның ішінде 2020 жылдың 1 қазандағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 6 405 948,3 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 6 405 948,3 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 24 257,6 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 6 381 690,7 мың теңгені құраған.
2020 жылдың 9-айында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 154 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 122 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 32 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңде уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 37 материал жолданып, 31 материал бойынша 2 124,0 мың теңге айыппұл салынған, 1 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 5 материал өндірісте.
Есепті кезеңде сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, жалпы 41,7 мың теңге айыппұл салынды.
Есепті кезеңде ҚР ӘҚБтК 722-1 бабының негізінде, Тексеру комиссиясымен 3 материал бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 833,4 мың теңге айыппұл салынған.
Жалпы жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 43 тапсырма мен 33 ұсыным жолданған. Есепті кезеңге мерзімі келген 34 тапсырма мен 30 ұсынымдар
толығымен орындалған.