ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ
2025 жылғы 30 мамырда Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында құқық бұзушылықтардың алдын алу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А. Жаңабай төрағалық етті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрбол Қалдарбекұлы қатысып, мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
