Тексеру комиссиясында салтанатты жиын өтті
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында салтанатты жиын өтті.
Жиында Комиссия төрағасы ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің қаржы жүйесін нығайту мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласын дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкердің марапатталғанын атап өтті.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының бұйрығымен:
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының №1 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудитор Асхат Наурызбайұлы Қырықбай «Қаржы сақшысы» медалімен;
- №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудитор Динара Төленқызы Оразалиева Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанатты жиын барысында марапат иелеріне құрмет көрсетіліп, олардың кәсіби қызметіне табыс, толағай жетістіктер мен еңбектеріне жеміс тіледі.


