Әдеп Кодексінің талаптарын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің ресми мінез құлық қағидаларын сақтау бойынша жиын өткізілді
2026 жылдың 31 шілдесінде Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің, Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Байдарбекова Эльмира Садуовнаның, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ақбердиев Нұрдәулет Рахимбердыұлының қатысуымен Әдеп Кодексінің талаптарын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің ресми мінез құлық қағидаларын сақтау бойынша жиын өткізілді. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігі ескертіліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.




