Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша мемлекеттік аудит жүргізу

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасына және жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің тиімділігіне, сондай-ақ, облыс бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Қорытынды нәтижесімен мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау үшін іс-шаралар атқаруға және бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау жөнінде тапсырмалар берілді.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *