«Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу»
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Қорытынды нәтижесімен мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау үшін іс-шаралар атқаруға және бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау жөнінде тапсырмалар берілді.




