2025 ЖЫЛҒЫ 14 НАУРЫЗ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түркістан облысының балаларына қосымша білім беруге, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген бюджет қаржыларының жұмсалуына және мемлекет активтерін пайдалануына тиімділік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қортындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында білім саласының бюджетін нығайтуға және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған аудит объектілеріне тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.