Әдеп Кодексінің талаптарын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің ресми мінез құлық қағидаларын сақтау бойынша жиын өткізілді
2026 жылдың 30 маусымдағы Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің, Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л.Мырзараимованың қатысуымен Әдеп Кодексінің талаптарын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің ресми мінез құлық қағидаларын сақтау бойынша жиын өткізілді. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігі ескертіліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.



