Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
2020 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 3 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 12 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 12 160 587,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 8 246 422,5 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 3 586 321,5 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 4 596 327,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 63 773,1 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 3 586 321,5 мың теңге болса, оның ішінде 2020 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 2 717 943,4 мың теңгені құраған, есепті кезеңге нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы 2 717 943,4 мың теңгені құраған немесе 100% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 5 356,5 мың теңге болса, есеп бойынша қалпына келтірілген қаржы көлемі 2 712 586,9 мың теңгені құраған.
2020 жылдың I-тоқсанында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 3 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 1 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 2 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңге уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын және мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 9 материал жолданып, 2 материал бойынша 129,4 мың теңге айыппұл салынған, 7 материал уәкілетті органның қарауында.
2019 жыл соңында уәкілетті органға жолданып, уәкілетті органның қарауында болған 12 материалдың 11 материалы бойынша, 2020 жылы сомасы 770,0 мың теңге айыппұл салынған. 1 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған.
Жалпы жоғарыда аталған аудиторлық іс-шаралардың қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 16 тапсырма мен 16 ұсынымдар жолданған, орындау мерзімі келмеген.