«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Б» корпусының бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) Мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
4) Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) Ғылыми дәрежесінің болуы;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
D-4 (С-блок) | 195 549 | 224 624 |
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы, 160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта k.mahan@ontustik.gov.kz
1. Әкімшілік-ақпараттық қауіпсіздік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы D-4 санаты, 1 бірлік:
Негізгі функционалдық міндеттері:
Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; құпия іс-қағаздары бойынша жұмыс жүргізу; тексеру комиссиясының іс-қағаздарын жүргізу; тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының, бөлім басшысының тапсырмасы бойынша комиссияның әкімшілік мәселелері бойынша құжаттарды дайындау; іс-жүргізуді, мұрағат ісін ұйымдастыру; мұрағат жұмысын жүргізу; тексеру комиссиясы құрылымдық бөлімшелерінің және қызметтерінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуына бақылау жасау, бөлімнің жұмыс жоспарларының және перспективалық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, бөлімнің ережесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуге қатысу; бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеу; тексеру комиссиясының құжат айналымын, құжаттама жасауды және құжаттаманы басқаруды ұйымдастыру, құпия іс қағаздармен жұмысты ұйымдастыру, тексеру комиссиясының регламентінде бөлімге қатысты жұмыстарды атқару, тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарын тіркеу, тексеру комиссиясы отырыстарының хаттамасын жүргізуді, тіркеу және олардың орындалуын бақылауға алу, аудит жоспарын, аудит бағдарламасын және аудиторлық тапсырмаларды тіркеу, бөлім құзырлығына кіретін мәселелер бойынша іс-қағаздарды дайындау; тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмыс істеуін, оның беттерінің жаңартылып отырылуын, азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтарға, өтініштерге, шағымдарға, ұсыныстарға мерзімінде жауап берілуін ұйымдастыру, тексеру комиссиясының электрондық ақпараттық жүйесінің және басқа да ақпараттық-анықтамалық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында тексеру комиссиясының қызметіне қатысты материалдар жарияланған жағдайда оларды есепке алып, басшылықтың қарауына енгізіп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру, тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарының және хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету, жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау, сондай-ақ тұрақты түрде жүйеде жұмыс істеу және ЭҚАБЖ бағдарламасымен жұмыс істеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес персоналды басқару бойынша қызметті іске асырады. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің еңбек заңнамасы нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, мемлекеттік қызметкерлерге арналған Этика кодексін сақтауын бақылайды, мемлекеттік қызметке бос орындарға байқау өткізуді мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан, қайта дайындықтан (біліктілікті арттырудан) және мемлекеттік қызметшілердің біліктілік арттыруын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары) құқық (құқықтану мамандығы), білім (информатика, құқық және экономика негіздері).
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы заңға сәйкес немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына сәйкес «Автономды ұйымда осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру».
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің
5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі — 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты: turkistan-revkom.kz
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені, __________________________________________________________________ (D-4 санаты) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
1.
Мекен жайы: __________________________________
Байланыс телефоны: ________________________
e-maіl: __________________________
ЖСН: _________________
_________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 2022 ж. |