АРЫС ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БАРЫСЫНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ЖӘНЕ АУДИТ ОБЪЕКТІЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің  тізбесіне сәйкес, «Арыс қаласының бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу»,  аудиторлық іс-шарасы бойынша II-кезеңде «Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласы «Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласы «Жиделі ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласы «Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемелерінде тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын және аудит объектілері қызметкерлерінің   құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп, нәтижесімен тиісті хаттамалар түзілді.