«Арыс қаласының бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат
Аудиторлық іс-шарамен 26 мемлекеттік аудит объектісінде жалпы 20 156 606,6 мың теңге қаржы қамтылған.
Іс-шара барысында жалпы 17 717,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 55 бірлік бұзушылық фактілері анықталған.
Жалпы өтелуге және қалпына келтірілуге жататын қаржы көлемі 17 717,8 мың теңге, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 17 493,3 мың теңге, өтелуге жататыны 224,5 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 17 493,3 мың теңге қалпына келтіріліп, 224,5 мың теңге өтелген.
169 259,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау және 124 382,2 мың теңге сомасына бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану фактісі анықталған.
Әкімшілік шара көру мәселесі бойынша 5 материал уәкілетті органдар қарауына жолданған.
Бұзушылықтарға жол бергені 16 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Арыс қаласының бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітілді.