Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 18 сәуір төрағаның міндетін уақытша атқарушы Жиенбеков Алмаз Абубакировичтің төрағалық етуімен жиналыс өтті. Аталған жиналыста мемлекеттік қызметкерлерге, жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын қолдану жөнінде Заң талаптарын қатаң сақтау туралы және қызметкерлердің өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық пен жауапкершілікті қалыптастыруды тапсырды.