Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жиын өткізілді
2024 жылдың 8 тамызында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жиын өткізіліп, тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Махан баяндама жасап, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аппарат басшысы А.Жаңабай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, Әдеп кодексінің, Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп Қағидалары талаптарын қатаң түрде сақтау керектігін айтты.