Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілері арасында облыстық спартакиада өткізілді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілері арасында облыстық спартакиада өткізілді.
Спорттық додаға өңірден 30 команда, 1000-нан астам мелкеттік қызметшілер қатысты. Олардың барлығы Отанға адал қызмет етіп жүрген, ұйымшылдық пен тәртіптің жарқын үлгісі саналатын азаматтар.
Мемлекеттік қызметшілер спорттың 9 түрінен бақ сынады. Атап айтқанда: шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, арқан тарту, баскетбол спорт түрлері бойынша мықтылар анықталады.
Спартакиадада Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы
-3*3 баскетболдан III орын;
-теннистен IV орын;
-футболдан IV орынды иеленді.
Шағын футболдан өткен турнирдің нәтижесіне сәйкес, тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Серікбайұлы Тапеев турнирдің «үздік шабуылшысы», аппарат басшысы Абзал Мұхаұлы Жанабай «үздік жартылай қорғаушысы» номинациясына ие болып мараппаталды.
Бұл жарыс — тек спорт сайысы емес, ұжымдық рухты, татулық пен ұйымшылдықты арттыратын нағыз мереке!

