«2023 жылғы Отырар ауданы бюджетінің атқарылуы»

Бүгін Отырар аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бюджет және экономикалық, әлеуметтік даму мәселелері және депутаттардың этикасы жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі болды. Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Аралбай Асан ашып, жүргізіп отырды. Тұрақты комиссия отырысына Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.Taғaeв қатысты.Н.Тағаев мырза «2023 жылғы Отырар ауданы бюджетінің атқарылуы» жөніндегі есеп бойынша баяндама жасады. Нәтижесімен күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.