2025 ЖЫЛҒЫ 19 МАУСЫМЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түркістан облысының мәдениет басқармасы мен бағыныстағы ұйымдардың бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде сондай-ақ, кейбір нормативтік құжаттарды сәйкестендіруге бағытталған аудит объектісіне тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.


