Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылдағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат

Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының  2023 жылдағы қызметінің  негізгі қорытындылары туралы ақпарат

 2023 жылғы аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштерін жалпы талдау

2023 жылы 18 аудиторлық іс – шара өткізіліп, онда 382 объект қамтылды,      оның ішінде мемлекеттік мекемелерде – 237, квазимемлекеттік сектор объектілерінде — 54 және үстеме тексеру мемлекеттік аудит объектілерінде — 91.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 885 661 054,2 мың теңгені құрады.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы  122 903 483,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

— қаржылық бұзушылықтар – 103 120 706,7 мың теңге немесе 83,9% (оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілік аудиті бойынша бұзушылықтар 22 456 779,8 мың теңге);

— тиімсіз жоспарлау-1 462 612,9 мың теңге немесе 1,2%;

— бюджет қаражаты мен активтері тиімсіз пайдалану –  10 408 661,8 мың теңге немесе 8,5 %;

— Ықтимал шығындар мен жіберіп алған шығындар мен пайда сомасы 7 911 501,8 мың теңгені құрады;

Рәсімдерді орындау тәртібін бұзушылықтар  саны — 1 165 бірлік және жүйелі бұзушылықтар саны- 14 бірлік;

Барлығы 125 519,6 мың теңге өтеуге, 102 995 187,1 мың теңге қалпына келтіруге жатады, оның ішінде 58 341,7 мың теңге өтелді немесе 46,5%;  96 444 524,1 мың теңге  қалпына келтірілді немесе 93,6%. Тәртіптік жауапкершілікке 237 лауазымды тұлға тартылды.

18 аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша 19 ұсыным және 203 тапсырма берілді (оның ішінде орындау мерзімдері келген 11 ұсыным, 129  тапсырма бақылаудан алынды немесе 100,0%).

2023 жылдың IV тоқсанында аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау

2023 жылдың IV тоқсанында 7 аудиторлық іс – шара өткізіліп, онда 130 объект қамтылды, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде–123, үстеме тексеру мемлекеттік аудит объектілерінде – 7.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 169 178 339,9 мың теңгені құрады.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы  23 214 952,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

— қаржылық бұзушылықтар – 21 986 246,3 мың теңге немесе 94,7%;

— тиімсіз жоспарлау- 57 961,0 мың теңге немесе 0,2%;

— бюджет қаражаты мен активтері тиімсіз пайдалану –  1 170 744,9 мың теңге немесе 5,1%;

Рәсімдерді орындау тәртібін бұзушылықтар  саны — 464 бірлік.

Барлығы 100 450,5 мың теңге өтеуге, 21 885 795,8 мың теңге қалпына келтіруге жатады, оның ішінде 35 351,1 мың теңге өтелді немесе 35,2%;  19 330 644,3 мың теңге  қалпына келтірілді немесе 88,3%.

Тәртіптік жауапкершілікке 72 лауазымды тұлға тартылды.

7 аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша 5 ұсыным және 80 тапсырма берілді (оның ішінде орындау мерзімдері басталған кезде 15  тапсырма  бақылаудан алынды немесе 100,0%).