2025 ЖЫЛҒЫ 26 МАУСЫМЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қазығұрт ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында аудан бюджетін нығайтуға және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған аудит объектілеріне тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.



