Мемлекет басшысы Тоқаевтың тапсырмасымен президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу қыркүйек айының 1-нен басталды

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

2019 жыл — Жастар жылы. Мемлекет басшысы Тоқаевтың тапсырмасымен дарынды, бәсекеге қабілетті жастардың өсуі үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік салада басшылық қызметке тұру мүмкіндігі ашылып отыр.

Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік резервтегі тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады. Бұл азаматтар алдағы реформалардың қозғаушы күші болады.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

1 қыркүйекте кұжаттарды қабылдау үшін PKRezerv.kz онлайн-платформа іске қосылды. Резервке тіркелу және құжаттарды қабылдау үшін үміткерлерге сайтқа тіркелу қажет.

Үміткерлер  сайтта осы жастар резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты толық ала алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты, іріктеу кезеңдері жазылған.

Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін көрсету қажет. Оған жеке профиль ашылады.

Сонымен қатар ақпаратты сақтау туралы келісіп, талаптарды қабылдауы шарт. Кандидаттың өтінімі біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат резервке іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады. 

ҚАЛАЙ ҚАТУСЫҒА БОЛАДЫ?

01. 1-30 қыркүйекте PKRezerv.kz сайтында тіркелу және құжаттарды тапсыру керек

02. Жеке кабинетіңізді толығымен толтыру

03. Қажетті құжаттарды енгізу:

 — Жеке куәліктің көшірмесі

 — Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі

 — Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

 — Ұсыным хаттар

04. 12 қазанынан бастап 25 желтоқсаны аралығында іріктеу кезеңдерінен өту

ҰСЫНЫМ ХАТ КЕЛЕСІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БІРІНЕН ҰСЫНЫЛУЫ ТИІС:

— кандидат жұмыс істейтін / жұмыс істеген ұйымның басшысынан;

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕРДЕН ТҰРАДЫ:

1. 1 қыркүйектен– 30 қыркүйекке дейін қатысушылардың құжаттарын  www.pkrezerv.kz сайтында қабылдау.

2. Тестілеу кезеңі мәтінмен және сандармен жұмыс істеу, сыни ойлау, логика мен аналитикалық қабілеттерді, теориялық әзірлігін анықтауға көмектеседі.

12 қазан — «Қабілеттерді тестілеу» кезеңі талдамалық және сыни ойлау деңгейін анықтайды. Тестілеу алдында кандидат тестілеу тәртібімен танысады.

Тестілеу 1 күннің ішінде ыңғайлы кез келген уақытта онлайн өткізіледі.

Тестілеу уақыты: 1,5 сағат

 Қажетті ресурстар: интернет желісіне қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мгб)

Ең жоғары нәтижелер жинағандар келесі кезеңге жіберіледі.

19 қазан — Тестілеуді верификациялау

Бұл кезең алдыңғы тестілеу кезеңіне ұқсайды және тестілеу үдерісі видео және аудио тіркеуді қамтиды. Тестілеу алдында кандидат өткізу тәртібімен танысады.

Тестілеу 1 күннің ішінде ыңғайлы кез келген уақытта онлайн өткізіледі.

 Тестілеу уақыты: 45 минут

 Қажетті ресурстар: интернет желісіне қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мгб)

Ең жоғары нәтижелерді жинаған кандидаттар «Әлеуетті бағалау» кезеңіне жіберіледі.

3. «Әлеуетті бағалау» кезеңi көшбасшылық қасиетін, стратегиялық көзқарасын, мотивациясын және құндылықтарын бағалайды.

22-26 қазан – Жоба ұсыну

Кандидаттар таңдаған лауазымдар тобы шеңберінде саланың дамуы туралы көзқарасын анықтауға бағытталған. Кандидаттарға жобаны және оның видеокөрсетілімін дайындауға уақыт беріледі.

Жобаны көрсету уақыты: 5 минуттан аспайды. Жобаның көлемі: 5 слайдтан аспайды.

Кандидаттарға интернетке тұрақты қолжетімділіктің (жылдамдығы кемінде 5 мб), жобаны көрсету үшін қолайлы жағдайдың болуына алдын ала көз жеткізіп алу қажет. Жобаны көрсету онлайн тәртібінде жүзеге асырылады.

27 қазан — Эссе жазу

Эссе кандидаттардың сауаттылығын, білім деңгейін және дәйектілігін бағалау мақсатында өтеді. Кандидат талаптармен және бағалау тәртібімен танысады.

Эссе жазу уақыты: 45 минуттан аспайды. Эссенің көлемі: кемінде 500 сөз. Эссе жазу онлайн тәртібінде жүзеге асырылады және аудио-видео жазбамен сүйемелденеді

28 қазан — 3 қараша — Құзыреттерді бағалау

Кандидаттардың жеке, басшылық құзыреттерін бағалауды «Бағалау Орталығы» әдісі бойынша жаппай бағалау құралдарын пайдаланатын сарапшылар жүзеге асырады. Кандидаттар белгіленген уақытта Бағалау орталығына уақытылы келу қажет.

Кандидаттың Бағалау орталығында болу уақыты 6 сағатқа дейін. Өткізілетін қала: Нұр-Сұлтан.

4. 27 қараша — 13 желтоқсан — Сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу

 «Әлеуетті бағалау» кезеңінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттар Президент Әкімшілігі құратын Сараптамалық комиссияның мүшелерімен жеке сұхбаттасуға шақырылады.

Сараптамалық комиссия кандидаттарды іріктеудің нәтижелерімен, мәліметтермен таныстырылады.

Осы кезеңнен өту үшін кандидаттарға белгіленген уақытта сұхбаттасу өткізілетін орталыққа келу қажет.

 Әңгімелесу уақыты: 30 минутқа дейін

 Өткізілетін қала: Нұр-Сұлтан

Сұхбаттасу қорытындылары бойынша ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияға кандидаттардың тізімі ұсынылады.

Кандидатураларды ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда қарау және Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау

«Сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу» нәтижелері бойынша ұсынылған кандидаттар ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияда қаралатын болады. Бұл кезеңде Сіздің қатысуыңыз көзделмейді.

Ұлттық комиссия отырысы қорытындылары бойынша Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы шешім қабылданады. Нәтижелері кандидаттың Жеке кабинетінде жарияланатын болады.

Оған қоса, іріктеудің әр кезеңінен кейін порталда және Агенттіктің сайтында келесі кезеңге өткен үміткерлердің тізімі жарияланып тұрады.

Үміткерлерді бағалау кезеңінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылатын болады.

Қосымша резервке қатысты барлық ақпаратты сайттан біле аласыздар.