Similar Posts
Бүгін Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Тапеев Ғалымжан Серікбайұлы мекеме қызметкерлеріне тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалған Жанабай Абзал Мұханұлын таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады.
Жанабай Абзал Мұханұлы 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің инспекторы болып бастаған. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық камсыздандыру Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы, «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, сектор меңгерушісі қызметттерін атқарған
«2022 жылға арналған жергілікті бюджеттердің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу»
2024 жылғы 04 сәуірде Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті қорытынды отырысы өтті, онда «2022 жылға арналған жергілікті бюджеттердің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясымен тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.
2024 жылдың 30 қаңтарында Тексеру комиссиясының төрағасы Тапеев Ғалымжан Серікбайұлының төрағалық етуімен тексеру комиссиясында жиналыс өткізілді
Жиналыс барысында тексеру комиссиясы жұмысының тиімділігін арттыру және тексеру комиссиясының жұмысына ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, төраға тарапынан ескертпелер айтылып, тапсырмалар берілді.Алдағы уақытта қаржылық бақылау іс-шараларында мемлекеттік аудиторлардың және тексеру комиссиясы қыметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сүйеніп жұмыс жасауын, қаржылық тексеру объектілерінде әдеп нормаларына сай келмейтін іс-әрекеттерге бармауын және мемлекеттік аудит объектілерінің…
2019 жылғы IV–тоқсандағы және 12 айдағы есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 20 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның аясында 435 аудит объектісі қамтылып, аудитпен қамтылған қаржы көлемі 926 238 281,2 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 48 840 042,4 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 39 313 666,5 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 9 078 223,7 мың теңгені, тиімсіз жоспарлау 448 152,2 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс…
2020 жылғы III-тоқсандағы және 9-айдағы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2020 жылдың 1 қазандағы жағдайына 10 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 177 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 202 927 823,1 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 11 182 203,9 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 6 506 375,1 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 4 596 327,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 79 500,9 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және…
