Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі 25-қазан Республика күніне орай Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – 25 қазан Республика күніне орай Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Жиенбеков Алмаз Абубакировичтің төрағалық етуімен мерекелік іс-шара өткізілді.Аталған іс-шарада облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Аметов Серік Тәжібекұлына ҚР Жоғары аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» ордені табысталды.Сонымен қатар, тексеру комиссиясы ұжымындағы жас мемлекеттік қызметшілерді және келісім шартпен жұмыс жасайтын жұмыскерлерді Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыстық мәслихаттың мақтау грамоталарымен марапаттап, тексеру комиссиясының ұжымына облыстың қаржысын бақылау саласында еткен еңбектеріне табыс және алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп жылы лебізін білдірді.