2021 жылдың I- тоқсандағы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет

Жалпы 2021 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 2 аудиторлық іс-шара аяқталды.  Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 72 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі  180 806 238,6 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 10 136 360,0 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 9 868 230,0 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 10 922,0 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 257 208,0 мың теңгені  құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 9 868 230,0 мың теңге болса, оның ішінде 2020 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 9 175 484,6 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 9 175 484,6 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.

         Жалпы ақшалай түрде өтелгені  1 477,4 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 9 174 007,2  мың теңгені құраған. 

         2021 жылдың I-тоқсанына тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 63 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 34 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 29 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

         Есепті кезеңде уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 36 материал жолданып, 35 материал бойынша 2639,9 мың теңге айыппұл салынған, 1 материал өндірісте.   

         Жалпы жүргізілген  аудиторлық іс-шараның  қорытындысымен  мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 29 тапсырма жолданған. Есепті кезеңге тапсырмалардың мерзімі келмеген.