Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне және мемлекеттік аудиторларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және алдын алуға бағытталған жиналысы өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Үсіпбаев Бауыржан Кеңесбайұлы сөз сөйледі. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне және мемлекеттік аудиторларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және алдын алуға бағытталған жиналысы өтті. ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңын және ҚР сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар дайындалған бірнеше бейнероликтерді көрсете отырып, бүгінгі таңда агенттікпен атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтылды.
Сонымен қатар Тексеру комиссиясы төрағасының м.а. А.Жиенбеков аталған жиналыста мекеме қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп комитетінің нормативтік қаулысының және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарының қатаң сақталу керектігін ескертті.