2018 жылдың I-жартыжылдықтағы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2018 жылдың I-жартыжылдығында 10 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 160 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 160 072 142,5 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 42 473 750,1 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 6 401 252,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 36 062 244,6 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 10 253,1 мың теңге) құраған. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 6 401 252,5 мың теңге болса, оның ішінде 2018 жылдың 1 шілдедегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 3 215 271,6 мың теңгені құрап, қалпына келтірілгені және өтелген қаржы көлемі 3 138 880,8 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 97,6% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 233 211,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 2 905 669,3 мың теңгені құраған.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 3 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Есепті кезеңге тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 145 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 105 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 40 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
2018 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысымен уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) құрылыс қызмет туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін және мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 18 материал жолданып, 625,3 мың теңге айыппұл салынған, оның ішінде 5 әкімшілік іс бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 5 іс өндірісте.
2018 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысымен Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 іс қарау үшін жолданып, 240,5 мың теңге айыппұл салынды. 2 іс қысқартылды.
Жалпы жоғарыда аталған 10 аудиторлық іс-шараларының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 372 тапсырмалар мен ұсынымдар (83 тапсырма, 289 ұсыным) жолданып, оның 2018 жылдың 1 шілдедегі жағдайына мерзімі келгені барлығы 306 тапсырмалар мен ұсынымдар. Нақты орындалғаны 193 тапсырмалар мен ұсынымдар (18 тапсырма, 175 ұсыным).